Қазақстандық хоккейшілер мұз айдынында төбелес шығарды
Төбелесте ойын төрешілері екі жақты ажыратуға мәжбүр болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты алдындағы жолдастық кездесуде павлодарлық «Мұнайшы» мен түркістандық «Tigers» командаларының ойыншылары мұз айдынында қақтығысып қалды. Оларды ажыратуға матч төрешісі араласуға мәжбүр болды.
3 қыркүйекте өткен бұл матч қос команданың екінші кездесуі болды. Алғашқы ойында павлодарлықтар қарсыластарын 6:3 есебімен жеңген еді. Ал қайта өткен матч 3:3 есебімен тең аяқталды.
Алайда екінші ойын голдардан бөлек, ашық жанжалмен есте қалды. Айдын үстінде екі хоккейші қақтығысып, төреші олардың төбелесін тоқтатуға шықты. Айта кетейік, хоккей ережелерінде мұндай жағдайларға толық тыйым салынбаған.
Материал авторы