Маңғыстауда қабірден мәрмәр тастар ұрланған (ВИДЕО)
Мұсылман зиратындағы мәрмәр тасты әлдекімдер ұрлап кеткен көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстауда мұсылман зиратында қабірден мәрмәр тас ұрланды. Бұл жайлы марқұмның жары айтты.
Оның видеомәлімдемесі жергілікті Instagram-парақшаларда жарияланды. Әйелдің сөзінше, отбасы отағасының жылын өткізуге дайындалып жатқан. Алайда зиратқа келген кезде туыстары мәрмәр тастың жоғалып кеткенін байқаған.
«67 жастамын, мұндайды бірінші рет көруім. Біреу “мәрмәр үшін шу шығарды” деуі мүмкін, бірақ ол мәрмәр менің марқұм күйеуімнен артық емес қой. Құдай оны алып кетті, ал сендер жай ғана тас емес, көтере алмайтын ауыр күнә алдыңдар. Мен сендерге жаным ашиды. Ар-ұят қайда, адамгершілік қайда?» – деді әйел.
Ол болған жағдайға қатты таңғалғанын айтып, мұндай қадамға барған адамның тоқтамай, тағы да осындай қылмысқа баруы мүмкін екенін жеткізді.
Материал авторы