SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатынан кейін сақтандыру міндеттемелері орындалмады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомство мұндай жарияланымдарды «қасіретті жағдайды саясиландырған жалған ақпарат» деп атады.
«АльфаСтрахование» сақтандыру компаниясы төлемдерді ақпан айында бастаған. Ұшақ үшін 1,003 млрд рубль өтемақы толық төленді. Сондай-ақ 62 жолаушының 46-сына қатысты шығындар өтелді, оның ішінде Қырғызстанның үш азаматы және 38 әзербайжандықтың 35-і бар. Жалпы төленген өтемақы көлемі 358,4 млн рубльге жетті», – делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, Ақтау маңындағы әуе апаты Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы адам шығыны көп алтыншы оқиға болып отыр. Баку – Грозный бағытындағы рейс Ақтауға жақындағанда құлап, борттағы 69 адамның 29-ы ғана тірі қалған.
RUS