5260

Путин: Америкада Ресеймен жұмыс істеуге мүдделілер көп

Өте көп компания Ресейге оралуды армандап жүр дейді ол.

Путин: Америкада Ресеймен жұмыс істеуге мүдделілер көп
Mikhail Svetlov / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-та да, Еуропада да Мәскеумен қайтадан жұмыс бастағысы келетін кәсіпорындар аз емес екенін айтты.

«Өте көп компания Ресейге оралуды немесе жаңа жобаларды бастауды қалайды. Олар саяси жағдайдың өзгеруін күтіп отыр. Біз ешкімді қумадық, ешкімнен теріс айналған жоқпыз. Қайтып келемін дегендерге әрдайым есік ашық», – деді Путин Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында.

Сонымен бірге ол шетелдік фирмалардың оралуы қазіргі жағдайға байланысты болатынын атап өтті. Путиннің сөзінше, Ресейден кеткен көптеген компания айтарлықтай шығынға ұшыраған.

Бұған дейін де ол шетелдік бизнестің біртіндеп қайтатынын бірнеше рет мәлімдеген. Алайда Кремль олардың әрқайсысын прагматикалық тұрғыда бағалайтынын айтқан.

«Егер қандай да бір компанияның қайта кіруі Ресей үшін тиімсіз болса, оны қабылдамауға мың түрлі себеп табылады», – деген еді президент.

Материал авторы