Джо Байденге қатерлі ісікке байланысты ота жасалды

05.09.2025, 11:17
4274
Джо Байденге қатерлі ісікке байланысты ота жасалды Marco Bello / Reuters

Жақында АҚШ-тың бұрынғы президенті қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге тері обырына байланысты ота жасалып, ол қазір қалпына келу үстінде.

Байденге ота Моос әдісімен жасалған. Дәрігерлер бұл тәсілді тері қатерлі ісігін емдеудің ең тиімді жолдарының бірі деп санайды. Қашан нақты жасалғаны айтылмағанымен, тамыз айының соңында түсірілген видеода оның Делавэрдегі шіркеуден шыққаны және басында жаңа тыртық бары байқалған.

Бұл Байденге жасалған алғашқы операция емес. 2023 жылы президент болып тұрған кезінде оның кеудесінен обыр жасушалары алынып тасталған еді. Сол жылы әйелі Джилл Байденге де осындай ота жасалды – дәрігерлер қатерлі жасушаларды көз үстінен және кеудесінен кесіп алған.

Сонымен қатар, биыл мамырда 82 жастағы Байденге қуықасты безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған. New York Times мәліметінше, дәрігерлер ісіктің агрессивті түрге ауысқанын және сүйекке метастаз бергенін анықтаған.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп бұл диагнозды бұрын жасырған болуы мүмкін деген болжам айтқан. Дегенмен Байденнің өкілдері мұны жоққа шығарды. Трамп оның сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды