11090

«Әже көз жұмды»: Ақтөбенің қақ ортасында әже мен немересін көлік қағып кетті

Көлік жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені белгілі болды.

«Әже көз жұмды»: Ақтөбенің қақ ортасында әже мен немересін көлік қағып кетті
diapazon.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 3 қыркүйекте Ақтөбеде жол апаты салдарынан 65 жастағы әйел қайтыс болды. Оның 9 жастағы немересі жарақат алды.

Жол-көлік оқиғасы сағат 18:10 шамасында Әлия Молдағұлова даңғылында, «Әлия» базары маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің жанында болған.

Полицияның мәліметінше, Lada-21901 көлігінің жүргізушісі Бауыржан Жұбановтар көшесіне қарай қозғалып бара жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен әжесі мен немересін қағып кеткен.

Жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер қарт әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Материал авторы