Алматыда автобус екі қызды қағып кетті: оқиға сәті видеоға түсіп қалды
Қыздардың бірі электросамокатта келе жатқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Алматыда болған жол апатының видеосы тарады. Қалалық полиция департаменті дерегінше, автобус соққан екі қыз түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Telegram-арналарда жарияланған кадрларда екі қыздың бір электросамокатпен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқаны көрінеді. Дәл осы сәтте оларға автобус соғылған.
Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта олардың жағдайы дәрігерлер бақылауында.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші