Заңға сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы кез келген косметикалық өнім ТР ТС 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сай болуы шарт. Таңбалау — бұл өнімнің төлқұжаты. Ол тұтынушыға қажетті барлық маңызды мәліметті береді.

Қаптамада назар аударатын басты деректер:
-
Атауы мен мақсаты — өнімнің нақты қандай мақсатқа арналғанын түсіну үшін.
-
Өндіруші және шығарған елі — міндетті түрде жазылуы керек.
-
Құрамы (INCI жүйесі бойынша) — теріңізге аллергия тудыруы мүмкін қоспаларды алдын ала білуге мүмкіндік береді.
-
Өндірілген күні мен жарамдылық мерзімі — мерзімі өтіп кеткен косметика теріге қауіпті әсер етеді.
-
Белгілер мен шартты таңбалар — мысалы, ашық банка бейнесіндегі «6M» немесе «12M» таңбасы қаптаманы ашқаннан кейін қанша уақыт қолдануға болатынын көрсетеді; ал ЕАС белгісі өнімнің қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес екенін дәлелдейді.

Мамандардың айтуынша, құтының әсем безендірілуі немесе «organic», «vegan» деген жазулар міндетті қауіпсіздікті алмастыра алмайды.
Референс-зертханада косметикалық өнімдер заманауи in vitro әдістерімен тексеріледі. Бұл тәсілдер қауіпті қоспаларды өнім дүкен сөресіне жетпей тұрып анықтап, тұтынушыға сапалы әрі қауіпсіз тауар ұсынуға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың кеңесі: косметика таңдағанда жапсырманы мұқият оқыңыз, сақтау ережелерін қатаң сақтаңыз және ең бастысы — кәсіби бақылаудан өткен өнімдерге ғана сенім артыңыз.
RUS