SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде екі ай бойы жүргізілген ауқымды тексеру нәтижесінде мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады.
Құзырлы органдар әр пәтерді жеке қарап, меншік иелері мен жалға алушылардың деректерін, олардың жұмыс орындары мен құқықтық мәртебесін тексерді.
Нәтижесінде мынадай заңбұзушылықтар тіркелді:
көші-қон заңнамасын бұзу – 120 дерек;
қоғамдық тәртіпті бұзу – 98 дерек;
заңсыз жалға беру – 114 дерек;
жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған – 22 пәтер;
жол қозғалысы ережесін бұзу – 567 дерек;
алкоголь өнімін заңсыз сату – 7 дерек.
Прокуратура мен полиция мегаполистегі құқықтық тәртіпті күшейту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тексерулер жалғасатынын атап өтті.
RUS