Алматыда мопед мінген 54 жастағы әйел бетон араластырғышпен соқтығысып қаза тапты
Полиция қылмыстық іс қозғады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда ірі жол апаты орын алып, 54 жастағы мопед жүргізушісі көз жұмды. Қайғылы жағдай Жетісу ауданында болған.
Telegram-арнада тараған мәліметке сәйкес, апат Капчагай трактінде тіркелген. Полицияның айтуынша, Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, Honda мопедін тізгіндеген әйелмен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан мопед жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор