5022

Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Қожамжаровқа қатысты іс қозғалды

Қожамжаровтың сенімді серіктері де тергеуге алынғаны хабарланған.

Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Қожамжаровқа қатысты іс қозғалды
Sputnik.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржы полициясының экс-төрағасы әрі бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Қожамжаровқа «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» және «қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастыру» баптары бойынша айып тағылып отыр. Бұл деректер оның әртүрлі жылдары басшылық қызмет атқарған кезеңдеріне байланысты тіркелген.

Ведомство өкілдері тергеуді жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу топтары құрылғанын, олардың жұмысына арнайы прокурорлар жетекшілік ететінін мәлімдеді.

Бұған дейін Қожамжаровтың сенімді серіктері де тергеуге алынғаны хабарланған. Олардың қатарында бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшысы Талғат Татубаев пен экс-бас арнайы прокурор Олеся Кексель бар.

Сонымен бірге Қожамжаровқа жақын тағы бір тұлға — Талғат Махатов қазір қамауда отыр және жуырда тағы да ұзақ мерзімге сотталған. Тергеушілер назар аударған тағы бір есім — Мақсат Дүйсенов. Бірақ ол алдын ала сақтанып, бой тасалап үлгерген.

Материал авторы