Қырғызстанда жарақат алған қазақстандық елге жеткізілді
Қазақстандық әйел жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Ош облысында жол апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматы отанына оралды. Бұл туралы Қазақстанның Қырғызстандағы Бас консулдығы жазды.
Мекеменің мәліметінше, 27 тамызда Нұртазина А.А. есімді қазақстандық әйел жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алып, Ош қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткен.
Туыстарының өтініші бойынша Қазақстанның Бас консулдығы мәселені жедел қарастырып, Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті билікпен бірлесіп жұмыс істеді. Нәтижесінде 5 қыркүйекте Ош қаласына санитарлық авиация ұшағы жіберіліп, сол күні азаматша Қазақстанға жеткізілді. Қазір ол елде емін жалғастырып жатыр.
Материал авторы