Палестинаны мойындау дауы: Франция мен Израиль арасындағы қатынас шиеленісті

06.09.2025, 10:49
7360
Палестинаны мойындау дауы: Франция мен Израиль арасындағы қатынас шиеленісті Christophe Ena/The AP

Макрон мен Нетаньяхудың арасына сызат түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль мен Францияның дипломатиялық қарым-қатынасы күрделене түсті. Бұған Францияның Палестина мемлекетін мойындау туралы ұстанымы себеп болды.

Израильдің Кнессет депутаты Шарен Хаскельдің айтуынша, премьер-министр Биньямин Нетаньяху Иерусалимдегі Франция консулдығын жабу мәселесін қарастырып жатыр. Ол бұған дейін де Эммануэль Макронды «ХАМАС-қа сыйлық жасады» деп айыптаған болатын.

Израиль билігі, егер Париж шешімінен қайтпаса, елдегі және аннексияланған аумақтардағы француз нысандарын, соның ішінде Шығыс Иерусалимдегі «Патшалар қабірін» тәркілеуі мүмкін екенін ескертті.

Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Франция президентінің Израильге ресми сапарына ешқандай мүмкіндік жоқ екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, «Франция Израиль мүдделеріне қайшы бастамаларын жалғастырып отырған шақта, мұндай кездесудің негізі болмайды».

Ал Париж тарапы егер Израиль консулдықты жауып, шектеулер енгізсе, жауап ретінде өз еліндегі Израиль консулдығын жабуы, дипломатиялық паспорттар санын қысқартуы немесе «Мосад» қызметіне шектеу қоюы мүмкін екенін жеткізді.

Эммануэль Макрон осы аптада Франция мен Сауд Арабиясы БҰҰ-да өтетін «екі мемлекет шешімі» жөніндегі конференцияға тең төрағалық ететінін хабарлады. Ол ешқандай әскери операция немесе аннексия әрекеті Палестинаны мойындау процесін тоқтата алмайтынын айтты.

Франция президенті сонымен бірге АҚШ-тың палестиналық делегация мүшелеріне виза бермеу шешіміне өкінішін білдірді.

Еске салсақ, екі ел арасындағы дипломатиялық дағдарыс өткен жылдың тамызында басталған. Сол кезде Нетаньяху Макронды «антисемитизмді өршітуге ықпал етіп отыр» деп айыптаған. Ал француз лидері оған жауап ретінде Палестинаны мойындау Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең дұрыс жолы екенін мәлімдеген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды