Politico: Пентагондағылар «Қорғаныс министрлігінің» атауын «Соғыс министрлігі» деп өзгертуге наразы

06.09.2025, 12:14
6241
Politico: Пентагондағылар «Қорғаныс министрлігінің» атауын «Соғыс министрлігі» деп өзгертуге наразы АР

Трамп айды аспанға шығарып, Пентагонды «Соғыс министрлігі» деп өзгерткен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Қорғаныс министрлігін «Әскери министрлік» деп қайта атау жөніндегі Дональд Трамптың жарлығы Пентагон қызметкерлерінің қарсылығын тудырды. Бұл туралы Politico жазды.

Басылым дерегінше, көптеген қызметкерлер жаңа шешімге байланысты «реніш, ашу және түсінбеушілік» білдірген. Олар атауды өзгертудің әскер алдында тұрған нақты мәселелерді шешуге еш көмегі болмайтынын айтады.

Жаңа жарлыққа сәйкес, министрліктің мөрлері мен логотиптері 40 елдегі және АҚШ-тың барлық 50 штатындағы 700 мыңнан астам нысанда қайта жасалуы керек. Өзгерістер форма, ресми бланкілер, Пентагон дүкеніндегі тауарлар мен асханалардағы қарапайым салфеткелерге дейін әсер етеді.

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы қызметкері бұл бастамаға миллиондаған доллар қажет болатынын айтты. Оның пікірінше, бұл жаңашылдық АҚШ армиясының нақты проблемаларын шешпейді, керісінше «елді соғыс құмар және тұрақсыздық көзі ретінде көрсетуге» мүмкіндік береді.

Министрліктің тағы бір шенеунігі енді өзін «Әскери министрліктің өкілі» деп атауды сұраған. Оның айтуынша, шығындар жарлық орындалған сайын өзгеріп отырады.

Айта кетейік, бүгін Дональд Трамп АҚШ Қорғаныс министрлігін «Әскери министрлік» деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды. Ол 1947 жылы ведомствоның атауы өзгергеннен бері АҚШ «бірде-бір соғыста жеңіске жеткен жоқ» деп мәлімдеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды