10025

«Реалмен» матч алдында «Қайрат» капитаны жарақат алып, тісінен айырылды

Капитан тіпті ойынды әрі қарай жалғастыра алмаған.

«Реалмен» матч алдында «Қайрат» капитаны жарақат алып, тісінен айырылды
Кайрат ФК

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алматылық «Қайрат» футбол клубының капитаны Александр Мартынович Беларусь құрамасының ойынында жарақат алды.

Футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Грекияға қарсы өткен матчта алаңға капитан ретінде шыққан. Бірақ екінші таймның басында қарсылас ойыншы Христос Цолистен шынтақпен соққы алып, ауыр жарақаттанды.

Мартыновичтің беті жарылып, тісі зақымданған. Дәрігерлердің көмегінен кейін ол ойынды жалғастыра алмады және алмастырылды. Дегенмен төреші қарсыласқа ешқандай жаза қолданбады. Кейін Цолис Грекия құрамасының соңғы голын соқты.

Беларусь құрамасының бас бапкері Карлос Алос матчтан кейін бұл эпизодқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, шешім дәрігерлердің ұсынысына сәйкес қабылданған.

Қазіргі уақытта Мартыновичтің қашан алаңға оралатыны белгісіз. Ал 18 қыркүйекте «Қайрат» Лиссабонда Португалияның «Спортинг» клубына қарсы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді.

Материал авторы