SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-қа соңғы ескерту жасап, Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, Израиль ұсынылған келісім шарттарын қабылдаған.
Трамп Truth Social парақшасында «Барлығы тұтқындардың босатылуын қалайды. Барлығы бұл соғыстың аяқталуын қалайды!» деп жазды. Ол бұл мәлімдемесін «соңғы ескерту» деп атады.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, ұсынысты жексенбі күні президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф ХАМАС-қа жеткізген. Құжатта Израильдің әскери операцияны тоқтатуы шарт ретінде қойылған, ал жауап ретінде ХАМАС барлық тұтқынды дереу босатуы тиіс. Сонымен бірге Израиль үш мыңға жуық палестиналықты түрмеден шығаруға келіскен.
Қазіргі кезде Газа секторында 48 адам тұтқында отыр, бірақ олардың шамамен 20-сының ғана тірі екені айтылып отыр.
Трамп бұған дейін де, наурыз айында, ХАМАС-қа осындай «соңғы ескерту» жасаған болатын.
RUS