5954

Енді ресейліктер АҚШ визасын тек Астана мен Варшавада ала алады

Мұндай шектеулер Украина, Беларусь, Ауғанстан, Сирия азаматтарына да қатысты.

Енді ресейліктер АҚШ визасын тек Астана мен Варшавада ала алады
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті ресейліктер үшін виза беру тәртібін өзгертті. Енді Ресей азаматтары иммиграциялық емес визаны тек Қазақстанның астанасында немесе Польша астанасы Варшавада рәсімдей алады.

МемДеп-тің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, мұндай шектеулер Украина, Беларусь, Ауғанстан, Сирия және тағы бірнеше елдің азаматтарына да қатысты.

Алайда жаңа ереже барлық виза түріне бірдей қолданылмайды. Дипломатиялық (A, G, C-2, C-3, НАТО санатындағы) визалар мен БҰҰ штаб-пәтері жөніндегі келісімге кіретін сапарларға бұл шектеулер жүрмейді.

Сондай-ақ кей жағдайларда гуманитарлық, медициналық немесе сыртқы саясатқа байланысты ерекше рұқсат берілуі мүмкін.

Материал авторы