8599

Қазақстан құрамасының бас бапкері масқара жеңілістен кейін отставкаға кетті

Бәрі менің кінәм дейді Әли Әлиев.

Қазақстан құрамасының бас бапкері масқара жеңілістен кейін отставкаға кетті
kff.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан ірі есеппен ұтылғаннан кейін қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әлиевтің айтуынша, 0:6 есебімен аяқталған матчтың жауапкершілігін ол толық өз мойнына алады.

«Болғанның бәрі – менің кінәм. Жеңіліс үшін жауапкершілікті толығымен аламын. Елге барған соң бірден президентке хабарлап, отставка туралы арыз жазамын», – деді ол ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің ойыны Брюссельдегі «Констант Ванденсток» стадионында өтті. Қазақстан құрамасы алаң иелерінен 0:6 есебімен ойсырай ұтылды.

Материал авторы