SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украинаның Қауіпсіздік қызметі ресейлік рэпер әрі кәсіпкер Тимур Юнусовқа (Тимати) іздеу жариялады.
Әнші 1 шілдеден бастап арнайы базаға енгізілген. Маусым айында Қауіпсіздік қызметі оған Украина аумағына кіру тәртібін бұзды деген айып таққан. Сондай-ақ оған елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқты деген айып тағылып отыр.
Сонымен бірге Тимати туралы деректер «Миротворец» сайтының базасына да қосылған. Украиналық ведомствоның ресми мәліметінше, іздеу Қауіпсіздік қызметінің бастамасымен визалық және миграциялық тәртіпті бұзу фактілері бойынша тергеу аясында жүргізіліп жатыр.
RUS