Тоқаев: «Каспий теңізінің тағдыры – бүкіл аймаққа ортақ мәселе»

08.09.2025, 12:37
5369
Тоқаев: «Каспий теңізінің тағдыры – бүкіл аймаққа ортақ мәселе» бейнежазбадан

Балаларымыз бен немерелеріміздің тағдыры біздің бүгінгі әрекетімізге тікелей байланысты дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тапшылығы мен Каспий теңізінің тартылуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Ол бұл мәселенің тек бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың болашағына әсер ететінін айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, елде су үнемдейтін технологияларды енгізу әлі де баяу жүріп жатыр.

«Нақты нәтиже жоқ. Бұл жұмысқа шетелдік озық компанияларды тарту қажет. Сондай-ақ Қытайда жасалған ең үздік технологияларды сатып алуға болады», — деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев диқандардың суы көп қажет ететін дақылдарды егуді доғара алмай отырғанын сынға алды.

«Кейде суару үшін суды ешқандай рұқсатсыз бұрып алатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұған қоса «қара нарықтағы» заңсыз сауда өршіп тұр. Құқық қорғау органдары мұнымен айналысуы керек», — деді ол.

Президент Арал теңізін қалпына келтіру тәжірибесін үлгі ретінде келтірді. Соңғы 20 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды сақтап қалу мүмкін болды. Қазір оның айдыны 36 пайызға ұлғайып, су көлемі екі есеге артқан, тұз мөлшері азайған. Дегенмен, бұл бағыттағы шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.

Ал Каспий теңізінің тартылуы аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

«Егер шара қолданбасақ, ол үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін», — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл мәселе жақында Қытайда өткен ШЫҰ саммитінде көтеріліп, Су мәселелері жөніндегі кеңес құру ұсынысы жасалды.

«Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан күш біріктіріп әрекет етуіміз керек. Үкімет Каспийдің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеп, оны серіктес елдермен келісуі тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Президент су үнемдеу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына да тоқталды.

«Бүгін дұрыс шешім қабылдасақ, ертең соның игілігін ұрпақ көреді. Балаларымыз бен немерелеріміздің тағдыры біздің бүгінгі әрекетімізге тікелей байланысты», — деді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады