SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екатеринбургтен Антальяға бағыт алған жолаушылар ұшағы (рейс ZF-839) техникалық ақауға байланысты Атыраудағы әуежайға шұғыл қонды.
Әуежай әкімшілігі бортта «техникалық ақау» тіркелгенін растады.
Ұшақтағы ресейлік туристер әзірге әуежайда күтіп отыр. Куәгерлердің айтуынша, залда орын жетіспей, кейбір жолаушылар еденде отырған.
«Орындықтар әкелді, бірақ бәріне жетпеді. Ал Azur Air әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ», — деді бір жолаушы.
Қазіргі уақытта ақаудың нақты себебі белгісіз. Ресейден қосымша ұшақ ұшып шыққан.
RUS