SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының дерегінше, оларға есірткі мен психотроптық заттарды сату, оларды тұтынуға итермелеу, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болу және лауазымды тұлғаға пара беру сынды ауыр қылмыстар бойынша айып тағылып отыр.
Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, заңсыз тауарларды сатумен айналысқан. Олар курьерлерді «жұмысқа қабылдау» деген желеумен тартып, есірткі таратудың бүкіл схемасын ұйымдастырған және қаржыландырған.
Қазір күдіктілер Черногория аумағында қамауда отыр.
RUS