418

«Бұл – басы!»: Нетаньяху Газа тұрғындарын қашуға шақырды

Ол ауқымды шабуыл жасалатынын айтып, ескертті.

«Бұл – басы!»: Нетаньяху Газа тұрғындарын қашуға шақырды
AFP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа қаласына ауқымды әскери шабуыл басталар алдында жергілікті халықты қаладан кетуге үндеді. Бұл туралы оның кеңсесі мәлімдеді.

Премьердің сөзінше, соңғы күндері Израиль әскері ХАМАС өкілдері пайдаланды деген 50-ге жуық көпқабатты ғимаратты әуеден соққылап қиратқан.

«Бұл – негізгі әрекеттердің басы ғана. Израиль әскері Газада жерүсті маневріне дайындалып жатыр. Сол себепті тұрғындарды қаладан эвакуациялауға шақырамын», – деді Нетаньяху.

Израиль билігі бұған дейін Газаға толық бақылау орнатып, ХАМАС-ты түбегейлі жоюды көздейтін кең ауқымды операция жоспарын мақұлдаған еді.

Материал авторы