Балқашта мектептерге теракт жасалады деген қауесет жұртты дүрліктірді
Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ дейді полиция өкілдері.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Балқаш тұрғындарын мектептерге бомба қойылды деген хабарламалар дүрліктірді.
Қауесет әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда тарап кеткен. Алайда Қарағанды облысының полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Барлық білім беру мекемесі тексерілді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Құқық қорғаушылар жалған ақпарат таратқандарды іздестіріп жатыр. Тұрғындарды үрейге берілмеуге шақырды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші