694

Ақмоладағы турнирде жас балуан бір өліп, бір тірілді (ВИДЕО)

15 жасар спортшы клиникалық өлімнен аман қалды.

Ақмоладағы турнирде жас балуан бір өліп, бір тірілді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ерейментау қаласында өткен республикалық қазақша күрес турнирінде 15 жастағы спортшы ауыр жарақат алды. Ақтөбеден келген жасөспірім кілемге құлаған сәтте мойын омыртқасын сындырып, клиникалық өлім жағдайына түсті.

Жергілікті дәрігерлер дереу жүрегіне массаж жасап, дефибрилляция жасап, адреналин енгізді. Кейін жас спортшыны жасанды тыныс алу аппаратына қосып, Астанаға шұғыл жеткізді.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға «мойын омыртқасының сынуы» деген алдын ала диагноз қойылды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін Көкшетау мен Астанадағы мамандармен онлайн байланыста жұмыс істеген.

Жарысқа Қазақстан, Ресей және Моңғолиядан 200-ден астам спортшы қатысқан. Оқиғадан кейін турнир уақытша тоқтатылды.

Материал авторы