498

Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Ол он бес жылға жуық уақыт «Қазақтелекомды» басқарған еді.

Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Есекеев Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев 1975 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін бітірген. MBA дәрежесі бар, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бастады. Кейін «Қазахойл», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2004-2010 жылдары Қазақстанның Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде төраға орынбасары әрі төраға болды.

2010 жылдан 2024 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2024 жылдан бері Қазақстан Президентінің кеңесшісі болған.

2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап Президент көмекшісі қызметіне кірісті.

Материал авторы