Мектептегі резонанс: Жамбылдағы интернатта оқушылар қызды әжетханаға сүйреген
Оқиға видеоға түсіп қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында мектеп-интернат оқушыларына қатысты резонанс тудырған видео тарады. Кадрларда бірнеше ұл бала қызды жермен сүйретіп, әжетханаға кіргізіп жатқаны, артынша есік ашылғанда қыздың киімін түзеп жатқаны байқалады.
Оқиға 2025 жылдың 5 сәуірінде Тілендиев атындағы мектеп-интернатта болған. Бұл мекеме көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектеп-интернат қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылды. Әсіресе оқиға туралы құзырлы органдарға уақытылы хабарламағаны үшін директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оған әкімшілік іс қозғау туралы ұсыныс білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне жолданған.
Қазір полиция тарапынан құқықтық баға беріліп жатыр. Балалардың бәрі анықталды – олар 1-сынып пен 2-сынып оқушылары.
Балалар омбудсмені Динара Закиева комиссия құрылғанын, ата-аналарға хабар берілгенін айтты. Қыз бала қазір басқа мектепте оқып жүр.
Материал авторы