Қазақстан сәуірде Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізеді

31.03.2023, 17:01
669
Қазақстан сәуірде Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізеді smartnews.kz

Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жөнелтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Компания мәліметінше, биылғы ақпан-наурыз айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды тасымалдаған.

2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Германияға ақпанда - 20 мың, наурызда - 20 мың, бас-аяғы 40 мың тонна мұнай жөнелткенін хабарлаған болатынбыз.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды