450

Астанадағы түнгі клубтағы төбелестен 19 жастағы жігіт қаза тапты

19 жастағы бозбала пышақталғаны белгілі болды.

Астанадағы түнгі клубтағы төбелестен 19 жастағы жігіт қаза тапты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы түнгі клубтардың бірінде төбелес кезінде 19 жастағы жігіт қаза болды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, демалушылар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Нәтижесінде бір жігіт пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Клуб ішінде келушілер арасында жанжал туындап, төбелес кезінде күдікті пышақ жарақатын салған. 19 жастағы жас жігіт алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды», – деді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Материал авторы