558

Зейнетақы қорынан «тіс емдеуге» 200 млрд теңге жымқырылған

Одан бөлек 9,7 млн доллар көлеміндегі виртуалды активтер бұғатталған көрінеді.

Зейнетақы қорынан «тіс емдеуге» 200 млрд теңге жымқырылған
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БЖЗҚ-нен азаматтардың зейнетақы жинақтары негізінде 200 миллиард теңге жалған стоматологиялық қызмет арқылы ұрланған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Елиманов баяндады.

Елимановтың айтуынша, ведомство «көлеңкелі ақшаға» қарсы іс-қимыл шеңберінде бірқатар ірі қаржылық бұзушылықтарды анықтаған. Атап айтқанда:

жалған компаниялар арқылы 24 млрд теңгеден астам қаржы қолма-қолға айналдырылған;

20 заңсыз криптобиржа мен ТМД-дағы ең ірі, 200-ге жуық есірткі дүкенімен байланысты сервис жабылған;

9,7 млн доллар көлеміндегі виртуалды активтер бұғатталған;

17,1 млрд теңгенің мұнай өнімдерін шекарадан шығару әрекеті тоқтатылған.

Сонымен қатар, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың алдын алу арқылы 164 млрд теңге сақталған. Агросубсидиялар бойынша 11 млрд теңгені талан-таражға салудың да жолын кесті.

Кездесу қорытындысында мемлекет басшысы ҚМА басшылығына бірқатар нақты тапсырма берді.

Материал авторы