SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында мектеп оқушысы есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша тергеуге алынды.
Агенттік мәліметінше, есірткі арнасын ұйымдастырған күдікті Таиландтан 1,3 келі каннабис WAX жеткізуді жоспарлаған. Жіберілген сәлемдеме кәмелетке толмаған танысының атына «Қазпошта» арқылы рәсімделген.
«Ол жасөспірімді заңсыз схемаға тартып, жеткізуді соның атына жаздырған. Ал тәркіленген зат Қарағандыда жасырын қоймалар арқылы сатылмақ болған. Қазір негізгі күдікті ұсталып, екі айға қамауға алынды», – деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада да ұқсас оқиға тіркелген еді. Колледж студенті Тайландтан келген есірткі сәлемдемесін алғаны үшін 8 жылға сотталған. Тергеу мәліметінше, ол қаражат табу үшін сәлемдемені сақтауға келісіп, жүк қолына тиген сәтте қолға түскен.
RUS