SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда тұрғыны әдеттегі балық аулау кезінде ойламаған жерден есірткіге тап болып, ақыр соңында сот алдында жауап берді.
Оқиға су қоймасында болған. Ер адам қамыс арасынан тетрадь қағазына оралған түйіншек тауып алған. Ішінде белгісіз зат барын көріп, оны қалтасына салып қойған.
Алайда сол күні қалаға жаяу қайтып келе жатқанда полиция тоқтатып, қолында тыйым салынған зат бар-жоғын сұраған. Ер адам жасырмай, тапқан түйіншек жайлы бірден айтқан.
Сараптама қорытындысы бойынша, ол зат — кептірілген марихуана екені анықталды. Тәркіленген көлемі – 1,22 грамм. Осыған байланысты сот ер адамды «есірткіні заңсыз иемдену және сақтау» бабымен кінәлі деп таныды.
Үкімге сәйкес, оған 80 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.
RUS