SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ эстрадасының әншісі Роза Әлқожа жолдасымен бірге отау құрғанына 25 жыл толуына орай күміс той өткізді. Әнші қалыңдық көйлегін киіп, салтанатты кеште отбасымен және туыстарымен бірге қуанышын бөлісті.
«Аллаға шүкір, көптен күткен күміс тойымыз басталды. Ұлым мен қызым ән айтып, бізді той төріне алып шықты. Құттықтап келген баршаңызға алғыс айтамын», – деп жазды өнер иесі әлеуметтік желіде.
Алайда мерейтой жұртшылық арасында қызу талқыланып, көпшілік қымбат той жасауды орынсыз деп сынға алды.
Желі қолданушылары:
«Алдымен балаларына баспана алып берсін», «Бұл – тек ысырап», «Ақша шашудың амалы ғана», «Жасына сай емес әрекет», «Фата киіп алғаны мүлде артық» деген пікірлер қалдырды.
Кейбіреулер мұндай салтанат қазақы дәстүрде болмағанын атап өтіп, өнер иесінің қадамын түсінбегенін жасырмады.
Еске сала кетсек, Роза Әлқожа күміс тойын онлайн тамашалауға болатынын да хабарлаған еді.
RUS