Қатарда 1,5 мыңға жуық Қазақстан азаматы жүргені анықталды
Кеше Израиль Қатарға әуе соққысын жасаған еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қатарда жүрген Қазақстан азаматтарының саны белгілі болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді.
«Қазір Қатарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Олардың 516-сы консулдық есепке алынған. Елшілік азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Құрбан болғандар арасында біздің азаматтар жоқ, бұл оқиғаға байланысты елшілікке ешқандай шағым түскен жоқ», – деді Бақаев Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Еске сала кетсек, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласына әуе соққысын жасады. Нәтижесінде Қатардың ішкі қауіпсіздік күштерінің бір қызметкері қаза тапқан.
Израиль бұл шабуыл үшін жауапкершілікті толық өз мойнына алды. Қазақстан Президенті Дохадағы әскери әрекетті айыптады.
Материал авторы