265

Құлсарыда салынып жатқан «Жайлы мектептің» төбесі опырылды

Жаңа мектептің қай жерінде ақау кеткені анықталып жатыр.

Құлсарыда салынып жатқан «Жайлы мектептің» төбесі опырылды
Аzh.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құлсары қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатқан 1200 орындық мектептің спорт залының төбесі құлап түсті.

«Samruk-Kazyna Construction» мәліметінше, төтенше жағдайға құрылыс материалдарының дұрыс сақталмауы себеп болған. Алдын ала дерек бойынша, шатырына салмағы 6 тоннадан асатын материалдар қойылып, конструкцияға зақым келген.

Оқиғаға байланысты комиссия құрылып, техникалық сараптама тағайындалды. Мердігер компания анықталған барлық кемшілікті жоюға міндеттеледі.

Компания сапа мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы басты қағида екенін атап өтті.

Айта кетейік, аталған ұлттық жоба алғашында «Жайлы мектеп» деп аталған еді, кейін «Келешек мектептері» болып өзгертілді. Дегенмен кей өңірлерде құрылыс жұмыстары әлі де баяу жүріп жатыр.

Материал авторы