Қазақстанда ең төменгі жалақыны есептеу әдісі өзгерді

10.09.2025, 10:13
409
Қазақстанда ең төменгі жалақыны есептеу әдісі өзгерді depositphotos.com

Бүгінде Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс Халықаралық еңбек ұйымының «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенциясын ратификациялау жөніндегі заң жобасын қабылдады. Бұл құжат Қазақстанды әлемдік стандарттарды сақтап, БҰҰ-ға тұрақты түрде есеп беруге міндеттейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, конвенция негізгі үш принципке сүйенеді:

ең төменгі жалақы жүйесін енгізу;

экономикалық факторлар мен қызметкерлердің қажеттілігін ескеру;

еңбекақы төлеуде кемсітушілікке жол бермеу.

Министрдің сөзінше, бұл талаптар іс жүзінде былтырдан бері қолданылып келеді. 2024 жылы ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа әдістемесі бекітіліп, ол медиандық жалақы мен еңбек өнімділігіне негізделген.

«Бұл тәсіл әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық тиімділіктің арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді», – деді Жақыпова.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды