424

Қатар Израиль соққысынан кейін шара қолданатынын мәлімдеді

Қатардың ішкі қауіпсіздік қызметкері мерт болып, бірнеше адам жараланған.

Қатар Израиль соққысынан кейін шара қолданатынын мәлімдеді
Stringer/ Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль Дохаға әуеден соққы жасағаннан кейін Қатар билігі заңдық шараларға баратынын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар арасында «Хамас» қозғалысының бес мүшесі бар, оның ішінде ұйым жетекшілерінің бірі Халил әл-Хайидің ұлы болған. Сондай-ақ Қатардың ішкі қауіпсіздік қызметкері мерт болып, бірнеше адам жараланды. Елдің ІІМ жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоав Кацтың бірлескен мәлімдемесінде операция Иерусалимде бейбіт тұрғындардың өліміне әкелген терактінің жауабы екені айтылды.

Қатар премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдеррахман Әл Тани Израиль әрекетін «мемлекеттік терроризм» деп атап, халықаралық құқықты бұзды деп айыптады. Оның сөзінше, келіссөз жүргізушілерге жасалған шабуыл аймақты қайтымсыз дағдарысқа жетелейді.

АҚШ президенті Дональд Трамп та пікір білдіріп, Израильдің біржақты шабуылын сынға алды. Ол Катарды «АҚШ-тың мықты одақтасы» деп атап, мұндай жағдай қайталанбайтынына сендірді.

Израиль армиясының радиосы «Галей ЦАХАЛ» таратқан дерекке сай, операцияға 15 ұшақ қатысып, оннан астам оқ-дәрі тасталған. Нысана тек «ХАМАС» жетекшілері жасырынған орын болғаны айтылады.

Материал авторы