Алматыда блогердің «аутист балаларды өлтіру керек» дегені үшін қылмыстық іс қозғалды

10.09.2025, 11:51
448
Алматыда блогердің «аутист балаларды өлтіру керек» дегені үшін қылмыстық іс қозғалды әлеуметтік желіден

Аталған пікір үшін ата-аналардан шағымдар көптеп түскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желідегі даулы пікір Алматы полициясының назарын аударды. Ерекше балаларға қарсы өрескел сөздер жазған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ұлттық Autism Kazakhstan ассоциациясына ата-аналардан шағымдар көптеп түскен. Олар блогер Райхан Жұмамуратованың Instagram-парақшасындағы пікіріне наразылық білдірген. Ассоциация бұл мәселені Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне ресми түрде жолдады.

Мәселе — 23 тамызда Алматыда болған оқиға жайлы жазбаның астындағы пікірге қатысты. Ол жерде 13 жастағы жасөспірімнің әрекетінен екі жасар бала зардап шеккені айтылған. Осы жазбаның астына блогер «аутизмі бар балаларды өлтіру керек» деген мазмұндағы пікір қалдырған.

Полиция блогердің тұлғасын анықтап, ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылатынын мәлімдеді.

— Орынсыз сөздер мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған, — деп ескертті Алматы ПД.

Бұл жағдай қоғамда кең талқыға түсті. Бұған дейін де ерекше балаға қатысты келеңсіз оқиға тіркелген: елордада автобуста алты жасар аутизмі бар Анисаға белгісіз жолаушы тіл тигізген еді. Осыдан кейін «Аутизм Қазақстан» ұйымы қоғамды түсіністік пен мейірім танытуға шақырған болатын.

Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да осы мәселеге пікір білдіріп, қоғамды инклюзияны қолдауға үндеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды