642

«Жұмысым 20 миллион теңгеге татиды»: депутат даулы сөзі үшін жауап берді

Мен заңда белгіленген міндеттен әлдеқайда көп жұмыс істеймін дейді депутат.

«Жұмысым 20 миллион теңгеге татиды»: депутат даулы сөзі үшін жауап берді
Аскар Ахметуллин / kz.kursiv.media

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбек бұған дейін айтқан «менің еңбегім 20 миллион теңгелік» деген сөзіне түсініктеме берді.

Оның айтуынша, мәселе жалақыда емес, атқарып отырған жұмыс көлемінде.

«Мен заңда белгіленген міндеттен әлдеқайда көп жұмыс істеймін. Кейде 20 есе, тіпті 30 есе артық. Жоғары аудиторлық палатаны, Жер ресурстары комитетін, Су ресурстары және ирригация министрлігін, Экология министрлігін, инспекцияларды тексерулерге өзім бастамашы боламын. Яғни атқарушы органдардың тікелей атқаратын ісін мен талап етіп отырмын», – деді Базарбек.

Ол бұл әрекеттердің оның ресми қызметтік міндетіне кірмейтінін, бірақ мемлекеттік органдар өз жұмысына салғырт қараған соң, амалсыздан араласатынын айтты.

Еске салайық, 8 қыркүйекте депутат жалақысына қатысты пікір білдіріп, өз жұмысын 20 миллион теңгеге бағалайтынын айтқан еді. Бұл сөз қоғамда үлкен талқылау тудырды.

Материал авторы