Депутат Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын құттықтады
Назаров депутаттық сауалын құттықтаудан бастады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжілістің бүгінгі отырысында ерекше сәт болды. Депутат Ардақ Назаров ресми тәртіпті бұзбай, сөзін анасына арнап бастады.
«Бүгін – анамның туған күні. Сізді құттықтаймын, ана! Сіз өте мейірімді жансыз. Әкеммен бірге әрдайым немерелеріңіздің, балаларыңыздың ортасында бақытты жүре беріңіз», – деді ол.
Қысқа ғана құттықтаудан кейін Назаров бірден жұмыс форматына оралып, Қазақстан әскерінің жағдайына қатысты депутаттық сауалын жариялады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші