386

Маңғыстауда жол апатынан қыз қаза тапты

Көлік жылқы қағып кеткен көрінеді.

Маңғыстауда жол апатынан қыз қаза тапты
instagram.com/112_mangystau_oblysy

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 6 қыркүйек күні кешкі сағат 21:40 шамасында Ақтау – Жетібай – Жаңаөзен тасжолының 77-шақырымында қайғылы жол апаты болды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ВАЗ көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан. Салдарынан 1998 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды.

Көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға қатысты тиісті тексеру басталды.

Материал авторы