508

Алматыда 120-дан аса адам аспалы жолда қалып қойды

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында канат жолы істен шықты.

Алматыда 120-дан аса адам аспалы жолда қалып қойды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында канат жолы істен шығып, 120-дан аса адам тұрып қалды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Оқиға 3200 метр биіктікте, «Комби-2» канат жолында болды.

Құтқарушылар мен курорт қызметкерлері жедел әрекет етіп, 20 адамды арқан-жабдықтың көмегімен кабиналардан түсірді. Тағы шамамен 100 қонақ Талғар асуынан эвакуацияланды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір канат жолын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Материал авторы