SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын қазумен шұғылданған 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының екі тұрғынын ұстады. Бұл туралы ІІМ хабарлады.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, күдіктілерден экскаватор, бульдозер, арнайы ұсатқыш қондырғылар мен алтын құрамдас металл бұйымдары тәркіленді.
Қазір заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, тамыз айында Қаржы мониторингі агенттігі дәл осындай заңсыз алтын өндіру әрекетін әшкерелеген болатын. Ол кезде старательдер өзеннің арнасын өзгертіп, табиғатқа 300 млн теңгеден аса залал келтіргені анықталған еді.
RUS