412

Қыздарды саудалаған массаж салонының иесі Грузияда ұсталды

Ол 6 жыл бойы іздеуде жүрген.

Қыздарды саудалаған массаж салонының иесі Грузияда ұсталды
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грузияның Рустави қаласында Интерпол желісі бойынша іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, ер адам 2019 жылы өзіне тиесілі массаж салонында интимдік қызмет көрсетілгенін жасыру үшін құқық қорғаушыға 400 доллар пара берген. Сол кезде ол қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін елден қашып кеткен. Содан бері алты жыл бойы жасырынып жүрген.

«Қазір күдікті Грузияда қамауда отыр. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр», – деп нақтылады министрлік.

Айта кетейік, бұған дейін де Грузиядан тағы бір қазақстандық экстрадицияланған болатын. Ол жалған долларларды Қазақстанға жеткізіп, таратып келгені үшін күдікке ілінген. Қазір ол изоляторда қамауда отыр, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Материал авторы