SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасаған екі ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиға Торайғыров көшесінде болған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамдардың көшеде «табиғи қажеттіліктерін өтеп жатқаны» көрінеді.
Облыстық полиция департаменті олардың үстінен «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша материалдар жиналып, іс сотқа жіберілгенін хабарлады.
«Мұндай құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамдық тәртіпті сақтау үшін маңызды. Жыл басынан бері өңірде мыңнан астам ұсақ бұзақылық дерегі тіркеліп, барлығы бойынша заң аясында шара қабылданды», – деп атап өтті ведомство.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп пен этикалық нормаларды сақтауға шақырды
RUS