Қазақстанда жүргізуші куәлігіндегі чип алынып тасталуы мүмкін
Қазақстанда жүргізуші куәлігін жеңілдетпек.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәліктерінен электронды чипті алып тастау туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, чиптің барлық функциясы қазірдің өзінде мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелерде қайталанады. Ал оны өндіру және қызмет көрсету бюджет шығынын арттырады.
Бастамашылардың айтуынша, чиптен бас тарту құжаттарды дайындауды арзандатып, тексеру мен қауіпсіздікке нұқсан келтірмейді.
Жоба «Ашық НҚА» порталында 22 қыркүйекке дейін талқыланады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші