SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжілісте өткен сессияда этикалық нормаларды бұзған депутаттардың аты-жөні жария етілмейді. Бұл туралы «Ақ Жайық» редакциясының ресми сұрауына жауап берген Депутаттық этика кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, кеңес Мәжілістің әрбір тұрақты комитетінен бір-бірден сайланған жеті депутаттан тұрады. Олар депутаттық этикаға қатысты түскен барлық шағымдар мен өтініштерді жан-жақты қарастырады.
Өткен сессия барысында кеңестің 15 отырысы өтіп, 17 депутатқа қатысты шешім қабылданған. Алайда Ізмұхамбетов олардың есімдері мен қандай тәртіп бұзушылық жасағанын құпия ақпаратқа жататынын атап өтті.
Бұл жағдай қоғамда «салық есебінен өмір сүретін депутаттардың қызметі неге құпия болуы керек?» деген риторикалық сұрақ тудырып отыр.
RUS