SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лос-Анджелесте Tesla маркалы көліктің жүксалғышынан белгісіз адамның денесі табылды. Бұл көлік америкалық әнші D4vd-қа (шын есімі – Дэвид Энтони Бёрк) тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды NBC.
Полицияға тұрақ қызметкерлері бірнеше күн бойы тұрған көліктен шыққан өткір иіс жайлы хабарлаған. Автокөлікті тексеру кезінде багажниктен сөмке табылып, оның ішінен «толық емес» күйдегі мәйіт шыққан. Қатты ыдырауына байланысты қаза тапқан адамның кім екені әзірге белгісіз.
D4vd мәйітке ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеп, тергеуге көмектесуге дайын екенін айтқан. Оқиға болған сәтте ол гастрольдік сапарда жүрген.
D4vd музыкадағы жолын 2021 жылы бастаған. Алғашқыда ол әндерін әпкесінің шкафында жазған. Бір жылдан соң тректері TikTok-та кең таралып, әнші танымал бола бастады.
RUS