Астанадағы клубта болған қақтығыстың видеосын қаза болған жігіттің әпкесі жариялады
Марқұмның әпкесі бауырының өлімі туралы шындықты айтып, әділдік талап етті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы түнгі клубтардың бірінде болған жанжал қайғылы аяқталды. Келушілер арасындағы кикілжің кісі өліміне әкелді.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада төбелестің сәті көрініс тапқан. Бұл видеоны марқұмның әпкесі өз Instagram парақшасында жариялады.
Ол жазбасында әділдік талап етіп, бауырының өліміне кінәлілердің барлығы жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты.
«Олар мұны тоқтата алар еді, бірақ ештеңе істемеді», — деп жазды ол.
Айтуынша, оқиға кезінде клубта күзетшілер, әкімшілік өкілдері мен полиция қызметкерлері болған. Алайда олардың ешқайсысы қайғылы жағдайдың алдын алу үшін әрекет жасамаған.
Еске салайық, қайғылы оқиға 7 қыркүйек түні болған. Туыстарының мәліметінше, шабуылға бес адам қатысқан, олардың бірі жігітке өлімге әкелген пышақ жарақатын салған.
Материал авторы