SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ эстрадасының белгілі әншісі Тоқтар Серіков жақын адамының қазасына байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Әнші Instagram парақшасына анасы мен марқұм нағашысының суретін қатар қойып, қайғысын өлең жолдарымен жеткізген.
Серіков жүрекжарды жырында нағашысына деген сағынышын, оның анасына ұқсастығын, өмірден кетуі жан дүниесін күйзелткенін баяндады.
«Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың...
Айнымаған анашымнан жалғызым,
Шырылдайды көкірегімде жалғыз үн», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, көңіл айтты.
RUS